Жоба туралы

31 арна қоғамның басты бөлігіне айналған көпбалалы аналарға арнап жаңа жобаны бастайды.

Қазақстанда тұңғыш рет!

«31 арна» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан бойынша көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында "Анашым, біз үйдеміз!" жобасын бастайды.

31 арнаның жөндеу жұмыстарын жастайтын арнайы тобы көпбалалы отбасына барып санитарлық, өртке қарсы келеңсіздіктерді реттеп қана қоймайды, күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, үй иелеріне ерекше, жаңа, заманауи әрі ыңғайлы да әдемі үй сыйлайды!

31 арнаның көрермендері қатысушылардың үйінің заманауи эргономикамен жөнделгенін көріп, куә болады.

Қатысушы атану

Жоба серіктестері

Person

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Person

OBI гипермаркеті

DIY-дүкендері халықаралық желісі
Person

31 арна

Отбасылық көрсетілімге арналған Қазақстандағы бірінші ойын-сауық арнасы
Person

Банк Хоум Кредит

Отбасыдан отбасыға

Жобаға қатысу ережесі

Жобаға үй жағдайы төмендегі талаптарға сәйкес келетін тек көпбалалы отбасы ғана қатысады (кәмілет жасына толмаған 4 және одан да көп баласы бар):

• Құжат бойынша тіркелген ешбір жерде кепілдікте тұрмаған үйі болуы керек;

• Пәтер ауданы 55 шаршы метрден артық болмауы керек, үй болса ауданы 70 шаршы метрден артық болмауы керек;

• Үйде/пәтерде инфрақұрылым болуы керек (кәріз, жылыту жүйесі, газ, жарық, т.с.с.).

«Анашым, біз үйдеміз» реалити-шоуының қатысушысы атану үшін:

• Қатысушының сауалнамасын толтыру керек (сауалнаманың барлық тармағы толтырылуы тиіс, әйтпесе сауалнама қарастырылмайды);

• Отбасы мүшелерінің суретін ұсыну керек (бет-әлпеті ірі планмен, бойымен түсірілген);

• Үйдің суретін ұсыну керек (барлық бөлмелер).

Егер үміткер іріктеудің алғашқы кезеңінен өтсе, үміткердің ары қарай өтуі үшін қосымша сауалнама жолдау керек;

• Отбасы үйдің заңды иесі екенін нақтылайтын нотариалдық тұрғыда бекітілген құжатты ұсыну керек;

• Ата-аналардың жеке куәлігі, балалардың туу туралы куәлігін ұсыну керек;

• Отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері туралы анықтаманы ұсыну керек;

• Тіркеу құжатының көшірмесін ұсыну керек (пәтерде тіркелген адамдардың құжаты);

• Пәтердің ағымдағы жоспарын ұсыну керек;

• Отбасы мүшелерінің сотталмағанын растайтын анықтаманы ұсыну керек;

• Жоба редакторларының қосымша сұрақтарына жауап беру керек.

Байланыс

Сіздің сұрақтарыңыға жауап береміз!

Мекен-жай

Қазақстан, Алматы, A05A2E8,
Абылай хан даңғылы, 141, 312 кеңсе

Телефон

+ 7 (708) 26 77 326

Call-орталығының жұмыс уақыты:
10:00 - 19:00

Пошта

dom@31.kz